Хоккей

Стэнли кубогы 30 шілдеде басталады

Стэнли кубогы 30 шілдеде басталады
news-banner7
mobile-news-top

New York Post журналисі Лэрри Брукстің хабарлауынша, Стэнли кубогы-2020 турнирі 30 шілдеде басталады, деп жазады Prosports.kz.

НХЛ бас менеджерлерінің жиналысында екі апталық оқу-жаттығу жиынын өткізу туралы шешім қабылданды. Содан кейін командалар 23-24 шілдеде белгіленген қалаға жиналады. Онда клубтар бір жолдастық ойын өткізуге мүмкіндік алады. Ал іріктеу матчтары 30 шілдеге жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2019/20 жылғы НХЛ тұрақты маусымы мерзімінен бұрын тоқтатылды. Оның орнына маусым 24 команда қатысатын Стэнли кубогы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер