Бахтиер Зайнутдинов «Ростовтың» жас футболшыларына алғысын айтты

Бахтиер Зайнутдинов «Ростовтың» жас футболшыларына алғысын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдинов «Сочи» командасына қарсы шыққан «Ростовтың» жас футболшыларына алғысын айтты.

«Ростов» сапында алты ойыншы коронавирус жұқтырған. Осы себепті ресейлік команданың негізгі құрамы матчқа қатыса алмады. Оның орнына 16-19 жас аралығындағы қосалқы құрамның ойыншылары алаңға шықты.

Матчтың өзі 10:1 есебімен «Сочидің» пайдасына шешілді. Ойыннан соң Бахтиер Зайнутдинов Instagram-парақшасында жас әріптестеріне алғысын айтты.

«Ростовтың» негізгі құрамы және жастар құрамындағы барлық 42 футболшы екі апталық карантинге кетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер