Басқа

Дмитрий Карпов: Олимпиада тұғырындағы сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес

Дмитрий Карпов: Олимпиада тұғырындағы сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада күні бүкіләлем бойынша тойлануда. Мреке қарсаңында, қазақстандық Олимпиадашылар да Олимпиададағы естеліктерін есіне түсіріп, Olympic.kz оқырмандарымен бөлісуде.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов төртжылдықтың басты додасында жүлдегер атанғанда қандай сезімде болғанын айтып берді.

– Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілу - барлық спортшының асқақ арманы. Ондағы сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жанкүйерлерге түсінікт болу үшін мұндай сезімді мектеп немесе жоғарғы оқу орнында қорытынды емтиханды "үздік" бағаға тапсырғандай деп, салыстырмалы түрде жеткізуге болады. Мәселен, сен емтиханда өзіңнің белгілі бір мақсатың бар екенін білесің. Соны орындау үшін қаншама тек төктің, еңбектендің. Нәтижесінде, еңбегің ақталып, өте жоғары жетістікке қол жеткіздің. Арманыңды орындап, мақсатыңа қол жеткізу үшін тәуекелге бел будың, барыңды салдың. Өзің ойлаған нәтижеге жеткенде бір жайлылықты сезініп, рахат күйге бөленесің.

Әр спортшы жеңіс тұғырында тұрып әртүрлі сезімді бастан кешіреді. Дәл менің тұғырдағы сезімімді сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес, - дейді, 2004 жылғы Афина Олимпиадасының жүлдегері Дмитрий Карпов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер