Теннис

Үстел теннисінің ұлттық құрама шілде айында жаттығуды бастайды

Үстел теннисінің ұлттық құрама шілде айында жаттығуды бастайды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар кезек-кезекпен жаттығу жиындарына оралуда. Барлық санитарлық талап қатаң сақталған спорт нысандарында құрама командалар жоспар бойынша жұмысын бастайды.

Шілде айында үстел теннисінен Қазақстан құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастауға дайын. Ұлттық құраманың бас бапкері Эльмира Алиеваның айтуынша, ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиынында бірінші орында спортшылардың техникалық-тактикалық дайындықтарына көңіл бөлінеді.

«13-30 шілде аралығында үстел теннисінен Қазақстан Ұлттық құрама командасы мен жастар құрамасы карантин режимінен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Аталған жиында Алматы облысында орналасқан «Ақбұлақ» спорттық-оңалтау орталығында өтеді деп жоспарлап отырмыз. Спорт нысаны барлық санитарлық талапқа сай, тиісті жағдайдың барлығы жасалған.

Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиынында техникалық-тактикалық дайындыққа көңіл бөлінеді. Жиын тәжірибелі австриялық маман, ұлттық құраманың кеңесші-жаттықтурышысы Левенко Дмитрияның басшылығымен өтеді. Барлығы 20 спортшы мен 4 жаттықтырушы қатысады.

Оқу-жаттығу жиынындағы басты тапсырма – физикалық форманы жақсартып, тактикалық тұрғыдан дайындығын қалпына келтіру, сонымен қатар, спортшыларды эмоциялық-психологиялық тұрғыдан маусымға дайындау. Карантин кезінде барлық спортшылар спорттық өмірді сағынып қалғаны анық. Күніне 3-4 сағаттық жаттығу бағдарламасын құрып, оған теориялық сабақтарды енгіземіз», - дейді бас бапкер Эльмира Алиева.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер