Дзюдо

Елдос Сметов: Олимпиада күнін жоғары деңгейде атап өтуге шақырамын

Елдос Сметов: Олимпиада күнін жоғары деңгейде атап өтуге шақырамын
news-banner7
mobile-news-top

21 маусым күні Қазақстан Халықаралық Олимпиада күнін атап өту мақсатында бүкіләлемдік кампанияға қосылады.

Еліміздің атақты спортшыларымен тікелей эфирде қызықты марафон өтеді. #TeamKZ мүшесі, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов барша жанкүйерді тікелей эфирге қосылып, белсенді болуға шақырады.

«Осындай сәтте бір-бірімізді қолдап, спортшылар жанкүйердің, жанкүйерлер спортшының жанынан табылғанға не жетсін?! Бүкіләлемдегі жағдайды ескере отыра, Олимпиадашылар үшін ең басты мереке болып саналатын Олимпиада күнін дәстүр бойынша жоғары деңгейде атап өтуге барымызды саламыз. Ертең баршаңызды тікелей эфирде күтеміз», - дейді Елдос Сметов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер