Велоспорт

Александр Винокуров Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді

Александр Винокуров Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау білдірді
news-banner7
mobile-news-top

Kazakhstan Pro Team велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров видео-хабарлама жазып, онда қолдау білдіріп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және коронавирус жұқтырған барлық қазақстандықтардың тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барлық спортшылардың атынан біз құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, сондай-ақ коронавирус жұқтырған барлық қазақстандықтарға қолдау білдіреміз! Тезірек сауығып кетулеріңізді тілейміз!

P.S. Достар, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз! Бұл қазіргі кезде өте маңызды. Індетті тек бірлескен күш-жігермен жеңуге болады! Біз Біргеміз!», - деп жазба қалдырды спортшы.

18 маусымда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус ауруы туралы хабарлады: «Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті өзін-өзі оқшаулауда. Өкінішке орай, Елбасының коронавирус инфекциясына арналған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Мазасыздыққа себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер