Гаджиев: Абдулманаптың беті бері қарады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызFight Nights Global президенті Камил Гаджиев Абдулманап Нурмагомедовтың денсаулық жағдайы туралы айтты. Еске салсақ, Хабиб Нурмагомедовтың 57 жастағы әкесі Мәскеудегі ауруханалардың бірінде жатыр, оның жағдайы әлі де ауыр, деп хабарлайды Prosports.kz Championat.com сайтына сілтеме жасап
«Менің ойымша, Абдулманаптың денсаулығы жақсарып қалды. Бұл жақсы жаңалық. Оның орнынан тұрғанын естіген жоқпын, бірақ есін жиғаны анық. Бұл туралы мен достарымнан және жақын туыстарымнан білдім. Ауруы бәсеңдеді. Бұл факт», - дейді Гаджиев.
Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы тек ұлымен ғана емес, сонымен қатар Ресейдің белгілі UFC файтерлерімен де жұмыс істейді.
Айта кетелік маман 25 сәуірде Дағыстандағы ауруханалардың бірінде пневмониямен ауруханаға түсті. 3 мамырда денсаулығының нашарлауына байланысты оны Мәскеуге алып кетті.