Басқа

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығу жиынына кіріспек

Таэквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығу жиынына кіріспек
news-banner7
mobile-news-top

1 шілде күні Алматыдағы «Ақбұлақ» спорттық сауықтыру кешенінде таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы жаттығу жиынын бастайды деп жазады Prosports.kzҰОК сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы таеквондодан команданың аға жаттықтырушыы Батырбек Есдәулетов хабарлады.

«Шілде айының басында спортшылардың басын қосуды жоспарлап отырмыз. Біраз үзілістен кейінгі жиын болғандықтан, алғашында техникалық жаттығуларды кейінге ысырып қоямыз. Бастапқа кезеңде жалпы физикалық жаттығуларға басымдық беретініміз анық. Алғашқы жиын 18 күнге созылады. 21 спортшы қатысады деген жоспар бар. Бапкерлерді қосқанда жиынға қатысатындар саны 25-ке жетуі мүмкін. Оқу-жаттығу кезеңінде санитарлық талаптарды қатаң сақтаймыз. Спортшылар арнайы тест тапсырып, дәрігерлер бақылауында болады. Әзірге, таеквондодан әлемдік жарыстардың қашан жалғасатыны белгісіз», - дейді жаттықтырушы.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер