Басқа

Скейтбордингтен Олимпиадаға іріктеу турнирі қашан өтеді

Скейтбордингтен Олимпиадаға іріктеу турнирі қашан өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Лонг-Бичте өтуі тиіс скейтбординг турнирі 2021 жылға ауыстырылды.

Калифорниядағы жарыс биылғы жылдың 7-10 мамырында өтуі тиіс еді. Алайда, Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі саналатын бәсеке коронавирус індетіне байланысты кейінге қалған.

Бүгінге дейін турнирді нақты қай уақытта өтетіні айтылған жоқ. Белгілісі – бұл Америка жерінде өтетін соңғы іріктеу турнирі болмақ.

Олимпиада ойындарының бағдарламасына скейтбордингтің екі түрі енді. Екеуі де Токио Олимпиадасына тұңғыш рет жеңімпаздарды анықтайды.

«Аталған жарыстың 2021 жылға ауыстырылғаны біздің спортшылар, жанкүйерлер және әріптестер үшін ең тиімді шешім», - дейді Dew Tour бас менеджері Кортни Гресик.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер