Күрес

Бірікен күрес әлемі қауымдастығы қыркүйектен бастап жарыс өткізбек

Бірікен күрес әлемі қауымдастығы қыркүйектен бастап жарыс өткізбек
news-banner7
mobile-news-top

Бұл туралы қауымдастықтың онлайн өткен жиынында белгілі болды.

Аталған басқосуда 2020-2021 жылдардағы жарыстар күнтізбесіне өзгеріс енгені де талқыланған. Қауымдастық президенті спортшылар мен жанкүйерлер үшін қауіпсіз кезең басталғанда ғана күрес турнирлері басталатындығын атап өткен. ⠀

Ең алдымен 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жасөспірімдер, жастар және 23 жасқа дейінгілердің жарыстарын өткізу қарастырылған. Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатын қарашаның соңы немесе желтоқсанның басында Белградта өтеді. Кадеттер, ардагерлер арасындағы әлем чемпионатын бұл маусымда өткізу қарастырылмаған. ⠀

2020 жылы ерексектер арасында әлем чемпионатын өткізуді де жоспарлап отыр. Ол жағы ӘЧ өткізуге құлық танытқан елдердің күрес федерациялары өтінім бергеннен кейін белгілі болмақ. ⠀

2021 жылы күнтізбелік жоспар бойынша әлем чемпионатын өтуі керек. Бірақ келер жылы Токиода олимпиада өтетіндіктен олимпиадалық емес салмақтардың чемпионаты өтуі тиіс. Бұл да әлі нақтыланып, пысықталын шаруа болып қала бермек.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер