Басқа

Лия Қошқарбаева каратеден онлайн турнир жеңімпазы атанды

Лия Қошқарбаева каратеден онлайн турнир жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ашық чемпионатқа барлығы 14 елдің спортшылары қатысты. Жарысқа Жапониядан көп спортшы қатысуға өтініш жіберген және олардың біразы финалға дейін жетті.

Сонымен, 14-15 жастағы ұлдар арасында Сузуки Харуто франциялық Габриэль Кулучиді жеңді. Ал қыздар арасында Юрий Таканозава индонезиялық Агния Замзамиеннен ұтылып қалды. Ал ерлер арасындағы бәсекенің финалында екі қазақстандық спортшы кездесті. Нәтижесінде, жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Рауан Амантайұлы әлем кубогының иегері Ғабиден Урынбаевты ұтты.

Әйелдер санатында халықаралық онлайн турнирінің чемпионы ұлттық құрама мүшесі Лия Қошқарбаеваға финалда канадалық спортшы Луго Сосана қарсылас атанды. Лия осымен биыл екінші рет халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып отыр.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер