Басқа

Баландин мен Галышева Олимпиада күніне орай флешмоб бастады

Баландин мен Галышева Олимпиада күніне орай флешмоб бастады
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен фристайл-могулдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева Олимпиада күніне орай флешмоб бастады деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ең бастысы бүкіл әлем бойынша спорт сүйер қауымға пандемия жағдайында тек жақсы спорттық қалыпта болу арқылы коронавирус індетіне қарсы тұра алатынымызды айтқымыз келеді. Спорт – бұл мықты денсаулық, дені сау ұлт. Сондықтан, біз әсіресе балаларды спортпен шұғылдануға үндейміз. Тағы бір айта кетер жайт, елімізде карантин әлі аяқталған жоқ. Соныдықтан халқымызды бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамыз», дейді Рида Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин.

Танымал спортшы өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасына 6 олимпиадалық спортты көрсететін қозғалыстарды жасаған бейнеролик жариялады. Баландин бокс, карате, садақ ату, семсерлесу, жүзу мен баскетболды көрсеткен. Спортшы осы бастаманы қолдағандар арасында Олимпиада күнінде, яғни 23 маусымда флешмобтың 4 қатысушысына жаңа iPhone смартфонын сыйлатынын жазады. Жеңімпаздар кездейсоқ сандарды таңдайтын бағдарлама арқылы анықтамақ. Спорт сүйер қауым арнайы бейнеролик түсіріп, оны Instagram не болмаса TikTok желісіне жүктеп, Дмитрий Баландин мен Юлия Галышеваны, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің – @olуmpickz ресми парақшасын атап өтулері қажет. Сонымен қатар #teamKZ, #ДвигайсяСнами, #OlympicDay атты арнайы хэштэгтерін де жазу керек. Спортшылар бейнежазбада бетперде киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шағырады. Флешмоб авторларының айтуынша, қолданушылар кез келген олимпиадалық спорт түрін таңдай алады, ешқандай шектеу жоқ. Оның қимыл-қозғалысын қайталауына немесе өзі ойлап табуына мүмкіндік бар. Ең бастысы, көрерменге түсінікті болуы тиіс.

Қазақстандағы Олимпиада күні биыл «Олимпиада балалық шақтан басталады» ұранымен өтіп жатыр. Осы орайда, ҰОК тарапынан балалар мен жастарға арналған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сол себепті, біз жастардың тілінде сөйлеуді ұйғардық. Біз әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданамыз, өз идеямызды басқалармен бөлісеміз. Қазіргі таңда ТикТок платформасы өте танымал. Спортпен шұғылдануға шақыру үшін таптырмас құрал», - дейді фристайл-могулдан Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Юлия Галышева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер