Грек-рим күресі

Бақтияр Байсейітов: Карантиннен кейін спортшылармен қауышқаныма қуаныштымын

Бақтияр Байсейітов: Карантиннен кейін спортшылармен қауышқаныма қуаныштымын
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Ақбұлақ олимпиадалық орталығында жаттығу жиынына кірісті. Бас бапкер Бақтияр Байсейітов жиынға ұлттық құраманың бірінші және екінші нөмірлі спортшылары мен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Қазақстан чемпиондарын шақырды.

«Ең алдымен балуандардың жаттығуына мүмкіндік берген Ұлттық Олимпиадалық комитетке рахмет айтамын. Екіншіден, біршама үзілістен спортшылармен қайта қауышқаныма қуаныштымын. Оқу-жаттығу жиындарына еліміздің бірінші, екінші нөмірлі спортшыларымен қатар, 23 жасқа дейінгілер арасындағы ел чемпиондарын да шақырдық. Жиынға келген бойда коронавирусқа тест тапсырамыз. Әзірге жеңіл-желпі жаттығумен ғана шектелеміз. Тест нәтижесі анықталған соң жаттығу бағытын өзгертеміз. Балуандар бірнеше ай бойы толыққанды жаттығу мүмкіндігінен айырылған соң, бірден ағзаға күш түсірмеу қажет. Уақыт өте келе қалыпқа келетініміз анық», - дейді бас бапкер.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер