Дзюдо

Дидар Хамза: Олимпиадаға баратынымды ұйықтап тұрғанда ғана білдім

Дидар Хамза: Олимпиадаға баратынымды ұйықтап тұрғанда ғана білдім
news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада күнін мерекелеу аясында олимпиадашылардың қызық оқиғаларымен бөлісуді жалғастырады. Бүгін дзюдодан ерлер құрамасының мүшесі, Азия ойындарының чемпионы Дидар Хамза Олимпиада қарсаңында ұандай тосын жайт орын алғанын айтып береді. Рейтинг бойынша Олимпиададан сырт қалған 19 жасар дзюдошы Олимпиада ойындарына санаулы күн қалғанда Халықаралық дзюдо федерациясы тарапынан жарысқа қатысуға шақырту алады. Осы бір қызық жайтты Дидар "тура кинодағыдай" деп суреттейді.

"Лицензия алу қиын болды, өйткені жас болдым. 18-19 жастамын. Жастар арасында күресіп жүрдім де бірден ересектер құрамасына өтіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздім. Азияда 2-орын, Гран приде 3-орын алдым. Лицензиялық Еуропа кубогі жарысын жеңдім. Рейтингіде жоғарылап, 23-орынға тұрақтадым. Олимпиадаға рейтингіде алғашқы 22 орында тұрған дзюдошылар қатысады. Бар-жоғы 30-40 ұпай жетпей 23-орында қалып қойдым да, Олимпиадаға жолдама алмадым. Оқу-жаттығу жиындарынан өттік. Балаларды олимпиадаға шығарып салдық. Келесі Олимпиадаға дайындалу керек болды. Үйде ұйықтап жатқан кезде Қазақстан дзюдо федерациясында спорт менеджері Роза деген қыз хабарласып, әкеме жақсы жаңалығы барын айтқан. Олимпиадаға бармаған соң, әкемнің көңіл-күйі болмаған. "Роза, менімен ойнама. Менің онсыз да көңіл-күйім жоқ. Қандай жақсы жаңалық болсын?" деп жауап берген. Роза болса, менің Олимпиадаға баратынымды айтып сүйінші сұраған. Папам "Роза, не шути. Онсыз да көңіл-күйім жоқ. Ондай нәрсемен ойнама" деген. Роза барлық мән-жайды түсіндірген. Розаның аузынан Олимпиадаға баратын 22 спортшының ішінде 11-орында тұрған дзюдошы допингпен ұсталды дегенді естіген әкем менің автоматты түрде 22-ге көтерілетінімді білген де, телефонды тастай салып "уралап" қуанған. Мен ол кезде ұйықтап жаттым. Кенет әкем "Тұр, Олимпиадаға барасың, кеттік" деп оятты. Ұйқымды аша алмай қандай Олимпиада, балалардың бәрі кетіп қалған жоқ па деп ойладым. Сонымен Роза хабарласып, Олимпиадаға баратынымыз белгілі болып, Рио де Жанейроға ұшып кетпейінше, өз-өзімізге қайта-қайта сенбей сондай қызық жағдай болған. Күтпеген жерден Олимпиада бұйырды", - дейді дзюдошы Дидар.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер