Грек-рим күресі

Алмат Кебіспаев: Олимпиадаға дайындалу деген ерекше сезім

Алмат Кебіспаев: Олимпиадаға дайындалу деген ерекше сезім
news-banner7
mobile-news-top

Дүниежүзі бойынша халықаралық Олимпиада күнін атап өту басталды. Қазақстандық спортшылар да аталған мерекені тойлаудан тыс қалған жоқ. Бүгінде #TeamKZ мүшелері Olympic.kz сайтына Олимпиадаға қатысты арман мақсаттарымен, Олимпиадашылар төрт жылдықтықтың басты додасында кездескен естеліктерімен бөлісуде.

Грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрама командасының капитаны, 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы Алмат Кебіспаев өз кезегінде Олимпиадашыға тән қасиеттерді атап өтті.

«Кез келген спортшының әрдайым физикалық, тактикалық тұрғыдан бәріне дайын болып жүруі лазым. Ал Олимпиадаға дайындалу деген ерекше. Әрбір Олимпиадашының бойынан физикалық, тактикалық дайындықтан басқа, іштей рухани дайын болуы тиіс. Өзінің Олимпиадаға баратынына, ел намысын абыроймен қорғайтынына сенуі керек».

«Мәселен, Олимпиада ойындары бір жылға кейінгі шегерілді. Кез келген жағдайдан қолайлы жағын алуға тырысу керек. Бұл, бәлкім, сенің осал тұсыңды күшейтіп, мықты жақтарыңды шықтауға берілген мүмкіндік шығар?! Оны да түсіну керек».

Балуанның айтуынша, кілемде салқынқандылық көмектеседі.

«Жас кезімде кілемге шыққанда түйсігіме сенетінмін де, инстингпен күресетінмін. Уақыт өте тәжірибе жиналып, керісінше, тактикаға көп көңіл бөлетін болдым. Кездесу барасында салқынқандылықпен жағдайды өлшеп барып, шешім қабылдауға тырысамын».

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер