Басқа

ANOC Бас Ассамблеясының отырысы өтетін мерзімі анықталды

ANOC Бас Ассамблеясының отырысы өтетін мерзімі анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық Олимпиадалық комитеттер қауымдастығы ANOC Бас Ассамблеясының өтетінін мерзімін мәлімдеді.

Аталған іс-шара Сеулде 2021 жылдың 26-27 қазан күндері өтеді. Ал ANOC жүлдесі 26 қазанда табысталады.

«Бізбен бірлесе жұмыс істеген Корея Ұлттық Олимпиадалық комитетіне алғысымыз зор. Аталған жиын олимпиадалық қозғалыстың дамуына серпін беріп, Ұлттық олимпиадалық комитеттердің бірігуіне жол ашады», - деді ANOC бас хатшысы Гунилла Линдберг.

Айта кетелік, ANOC Бас Ассамблеясы Кореяда биыл өтуі тиіс еді. Алайда, коронавирус індетіне байланысты тараптар жиынды келесі жылға қалдырды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер