Хоккей

«Торпедоға» ҚХЛ-да өнер көрсеткен шабуылшы ауысып келді

«Торпедоға» ҚХЛ-да өнер көрсеткен шабуылшы ауысып келді
news-banner7
mobile-news-top

Өскемендік «Торпедо» хоккей клубына Құрлықтық хоккей лигасында ұзақ уақыт өнер көрсеткен шабуылшы Александр Мерескин ауысып келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мерескин әр жылдары «Металлург», «Салават Юлаев», «Спартак», «Сочи», «Северсталь» сияқты командаларда өнер көрсеткен.

32 жастағы хоккейші 2018 жылдан бастап 2020 жылдың көктеміне дейін «Адмиралда» бақ сынады. 2019/20 жылғы маусымда 53 матчқа қатысып, 10 (5+5) ұпай жинады.

Александр Мерескин ҚХЛ-да жалпы 371 матч өткізіп, 101 (50+51) ұпай жинаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер