Еркін күрес

Еркін күрестен Қазақстан командасы жаттығуды бастады

Еркін күрестен Қазақстан командасы жаттығуды бастады
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысының Щучинск қаласында еркін күрестен Қазақстан ұлттық командасы жаттығу жиындарына кірісті.

Оқу-жаттығу жиынына жалпы есебі 25 балуан шақырту алған.

Олардың қатарында әлем чемпионатының жүлдегерлері Дәулет Ниязбеков, Нұрлан Бекжан, Данияр Қайсанов, Нұрғожа Қайпанов және команданың белі мүшелері Ғалымжан Өсербаев, Әлішер Ерғали, Расул Қалиев және Юсуп Батырмурзаевтар бар.

Команда бас бапкері Әсет Серікбаевтың айтуынша, спортшылар жиын кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтайды.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер