Дзюдо

Смағұлов: Алғашқы жаттығу болғандықтан спортшыларға көп салмақ салынбайды

Смағұлов: Алғашқы жаттығу болғандықтан спортшыларға көп салмақ салынбайды
news-banner7
mobile-news-top

Алматы облысында дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Санитарлық талапты сақтай отыра, жаттығу жиынына команданың тек бірінші нөмерлі спортшылары шақырту алған.

Ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұловтың айтуынша, ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынанда спортшылардың жаттығу бағдарламасы жеңіл болады.

- Жаттығу жиыны өзіміз ойлағандай, өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Карантиннен кейінгі алғашқы жаттығуымыз болғандықтан, спортшыларға көп салмақ салынбайды. Қазіргі бағдарлама бойынша спортшыларды бұрынғыдай физикалық қалыптарын ретке келтіріп алуымыз керек. Жеңіл жаттығулардан бастап, тауға шығу, таза ауада серуендеу сынды сергіту жаттығуларына аса қатты көңіл бөліп жатырмыз. Сонымен қатар, татамиге де шығып, әдіс-тәсілдерді қайталайды.

Спортшылардың барлығының қазіргі көңіл-күйлері, денсаулықтары жақсы. Бізбен бірге қасымызда команда дәрігері бар. Ол күн сайын спортшылардың денсаулығын жіті қадағалап, қауіпсіздіктерін бақылап отырады, - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер