Басқа

Қазақстанда олимпиадалық құндылықтарға арналған мурал пайда болады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Халықаралық Олимпиада күніне арнап еліміздің әр аймағындағы үздік мурал эскизіне республикалық конкурс жариялады.

Мурал – ғимараттың қабырғасына салынған көркем туынды. Қазіргі көше өнеріндегі сәнді бағыттардың бірі. Конкурстың тақырыбы 2020 жылғы Олимпиада күнінің ұранымен бірдей – «Олимпиада балалық шақтан басталады». Болашақ Олимпиада жеңістерінің іргетасы бала кезден қалыптасады.

«Олимпиада чемпионы болып туылмайды, Олимпиада чемпионы болып қалыптасады. Басты мақсатымыз – жастарға осы бағытты түсіндіру. Еңбекқорлық, төзімділік және өз мақсатына ұмтылу арқылы үлкен жеңістер мен Олимпиада жүлделеріне қадам басуға болады. Олимпиада чемпиондары мен спортшылардың өмірлік жолы өскелең ұрпаққа жарқын үлгі екені анық. Олардың жеңіске деген жігері мен ел даңқын асқақтату жолындағы еңбегі спорт арқылы бала арманды орындауға болатынының дәлелі. Дәл осы мақсат арқылы еліміздегі талантты суретшілер мен өнерге және спортқа ынтық жандарды олимпиадалық құндылықтарды дәріптеуге шақырамыз. Олимпизм құндылықтарын таныта түсу үшін қазіргі таңдағы танымал көше өнері (стрит-арт) және мурал таңдалып отыр. Конкурс арқылы еліміздегі суретшілерге қолдау көрсету де көзделуде», - деп атап өтті Қазақстан ҰОК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер