Велоспорт

UCL биылғы жаңа маусымға дайындалып жатыр

UCL биылғы жаңа маусымға дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 10-11 маусым күндері өткен видеоконференцияда алдағы маусымға қатысты бірқатар шешім қабылдады деп жазады Prosports.kz.

Тас жолдағы велоспорттан Иль-Ломбардия (Италия) жарысы 15 тамызда өтеді. Қытайдың Гуанси қаласындағы Gree тур 5-10 қараша аралығына жоспарлануда. Германиядағы EuroEyes Cyclassics Hamburg турнирі 3 қазанда өтеді. Ал неміс жеріндегі тағы бір жарыс Эшборн-Франкфурт биыл өтпейтін болды. Сондай-ақ, Prudential RideLondon-Surrey Classic (Ұлыбритания) және A Travers la Flandre (Бельгия) додалары да биыл ұйымдастырылмайды. Әйелдер арасындағы UCI WorldTour да біраз жаңартылды. Гуанси туры 10 қарашаға ығыстырылды. Тректегі велоспорттан 2020 жылы өтуі тиіс жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты бір жылға шегерілді. Сондай-ақ, 2021 жылы Колумбияда өтуі тиіс маунтинбайк марафоннан әлем чемпионаты Италияға ауыстырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер