Күрес

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын бастады

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы жаттығу жиынын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін еркін, грек-рим және әйелдер күресінен Қазақстан ұлттық командалары оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Бұл құрама командалардың карантин шараларынан кейінгі алғашқы дайындық кезеңі. Әсет Серікбаев баптайтын еркін күрес шеберлері Ақмола облысының Щучинск қаласында, Бақтияр Байсейітов жаттықтыратын грек-рим күресінің өкілдері Алматы облысына қарасты Ақбұлақ олимпиадалық орталығында дайындалады. Ал әйелдер командасы Нұр-Сұлтан қаласында жаттығуа кіріседі деп жазады Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Әйелдер күресінен команда бас бапкері Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, жаттығу жиынына аса көп спортшы шақырылмаған.

«Біршама үзілістен соң оқу-жаттығу жиындарын қайта бастағалы отырмыз. Біз үшін ең маңызды нәрсе – спортшылардың денсаулығы. Сол үшін барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтайтын боламыз. Жиынға ұлттық құраманың бірінші және екінші құрамын шақырдық. Дайындыққа қатысатын спортшылар саны отыздан аспайды. Балуандарға тек үш жаттықтырушы ғана бас-көз болады. Спортшылар сантитарлық талаптарды қатаң сақтайды», - дейді бас бапкер.



Нұр-Сұлтан қаласындағы оқу-жаттығу жиындарына төмендегі спортшылар шақырылған: Валентина Исламова, Светлана Анкичева, Татьяна Аманжол, Эмма Тиссина, Диана Каюмова, Мадина Бақбергенова, Назерке Рысбекова, Гаухар Мұқатай, Сандуғаш Дүйсенғалиева, Алтынай Сатылған, Айгүл Нұрәлім, Марина Седнева, Аяулым Қасымова, Жәмила Бақбергенова, Гүлмарал Еркебаева, Айна Теміртасова, Александра Зайцева, Эллада Махяддинова, Альбина Қайыргелдинова, Ирина Кузнецова, Эльмира Сыздықова, Нәзира Аманжолова, Ирина Казюлина.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер