Теннис

Джокович өзі ұйымдастырған көрме турнирінде ұтылды

Джокович өзі ұйымдастырған көрме турнирінде ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің бірінші ракеткасы Серб Новак Джокович ұйымдастырған Adria Tour теннис турнирінде екі сенсациялы нәтиже тіркелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Топтық кезеңде Новак Джокович отандасы әлемнің 32-ракеткасы Филип Краиновичтен жеңілді - 4:2, 2:4, 1:4. Краинович қосымша көрсеткіштер арқасында Новакты артта қалдырып, финалға жолдама алды.

Тағы бір сенсация Доминик Тим тобында тіркелді. Әлемдік рейтингте 19-орында тұрған болгариялық Григор Димитров, серб Никола Милоевичтен ұтылды - 1:4, 3:4 (4:7).

Финалдық кездесуде өз топтарының жеңімпаздары - серб Филип Краинович пен австриялық Доминик Тим кездесті. Финалда сәттілік үш сетте жеңген Тимнің жағында болды - 4:3 (7:2), 2:4, 4:2. Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер