ММА

Мария Агапованың UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қарсыласы таңдалды

Мария Агапованың UFC-дегі келесі жекпе-жегіне қарсыласы таңдалды
news-banner7
mobile-news-top

Bloodyelbow.com сайтының редакторы Зейн Саймон кеше, 14 маусымда өткен UFC Fight Night 172 турнирінде болған жекпе-жектер жеңімпаздарының болашағын талқылап, қазақстандық файтер Мария Агапованың ықтимал қарсыласының есімін де атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Саймонның айтуынша, Агапова келесі жекпе-жегін UFC қамқорлығында бір рет жеңіліп, екі жеңіске ие болған өз құрдасы, 23 жастағы колумбиялық Сабина Масомен жұдырықтасуы керек.

Айта кетейік, Мария кеше Ханна Сайферсті жеңіп, UFC-дегі дебютін жеңіспен бастады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер