Теннис

Қазақстан командасы жаттығу жиынын жалғастырып жатыр

Қазақстан командасы жаттығу жиынын жалғастырып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Теннистен Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастады. Жиын 14 маусымға дейін Щучье-Бурабай курорттық аймағында өтеді деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметі.

"Жаттығу базасында 30-дан астам спортшыны жинадық. Біздің мақсатымыз - карантиннен кейін олардың маусым алдындағы функционалдық қабілетін қалпына келтіріп, арттыру. Астанаға оралған соң спортшылар теннистен күнделікті жаттығуларын жалғастырады", - дейді ерлер құрамасының капитаны Юрий Щукин.

Бапкерлер спортшылардың физикалық деңгейін көтеру, олардың төзімділігін, координациясын, жылдамдылығы мен күшін арттыру саласында жұмыс істейді.

Сонымен қатар, Юрий Щукин, Ярослава Шведова, Елена Рыбакина, Зарина Дияс сияқты ҚР Ұлттық құрамасының атақты мүшелері жас теннисшілермен білімдері мен тәжірибесімен бөліседі.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер