Хоккей

Федерация «Барыстың» бапкерсіз екеніне алаңдамайтынын жеткізді

Федерация «Барыстың» бапкерсіз екеніне алаңдамайтынын жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан хоккей федерациясының (KFH) бас директоры Глеб Каратаев кез келген босатылған маман Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстай алады деп мәлімдеді. Сонымен қатар федерация «Барыс» командасында бас жаттықтырушының жоқтығына алаңдамайтынын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Барлық мерзімдер коронавирустың кесірінен кейінге қалдырылғандықтан, біз «Барыс» бас бапкеріне қатысты жағдайға алаңдамаймыз. Әлем кубогының алдындағы турнирлер жақын арада өтпейді. Еуропадағы ойындар да ең жақын дегенде желтоқсан немесе ақпан айында өтуі мүмкін.

Егер «Барыс» тек клубта жұмыс істейтін жаттықтырушыны таңдаса, біз басқа маманның кандидатурасын іздейміз», - деді федерация директоры.

Еске салсақ, «Барыстың» баспасөз қызметі жақын уақытта клубтың жаңа жаттықтырушысының есімі белгілі болатындығын атап өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер