Велоспорт

Александр Винокуров Гранд-турларда бақ сынайтын команда үздіктерін атады

 Александр Винокуров Гранд-турларда бақ сынайтын команда үздіктерін атады
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» велокомандасы 2020 жылғы маусымды бастауға дайын. UCI коронавирус індетіне байланысты өзгерістер енгізіп, спортшылардың жарысқа оралатын күні жақындады. Команданың бас менеджері Александр Винокуров алдағы маусымға қатысты жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

«Қуанышқа қарай, бәрі бұрынғы қалпына қайта оралып жатыр. Әлі біршама уақыт бойы белгілі бір шектеулер болатынын түсінеміз. Дегенмен, UCI бекіткен жоспар өз күшінде қалады деген сенімдеміз. Біздің барлық спортшымыз толыққанды дайындыққа кірісті. Жігіттер маусымның ашылуына дайын. Егер бәрі дұрыс болса, шілдеде екі жиын өткіземіз. Бірі Испанияда, бірі Италияда өтеді деген жоспар бар. Қысқартылған маусымдағы біздің басты міндет – Гранд-турларда жақсы өнер көрсету. Якоб Фульсанг «Джироға», Алексей Луценко «Тур де Франс» додасына қатысады», - деді Винокуров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер