Ұлттық спорт

Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы коронавирус жұқтырды

Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы коронавирус жұқтырды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров Семей қаласындағы инфекциялық ауруханаға жатқызылды, деп жазады Prosports.kz.

Семей әкімдігінің хабарлауынша, атақты спортшы коронавирустан емделіп жатыр.

- Семейде COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне қаладағы екі колледж директоры түсті. Бірі - Электр техникалық колледж директоры Азат Сәрпеков, екіншісі - Семей көлік колледжінің директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, «Әлем барысы» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында карантин шектеулері 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер