Велоспорт

Алексей Луценко: «Тур де Франс» додасында өзімді жақсы қырымнан көрсеткім келеді

Алексей Луценко: «Тур де Франс» додасында өзімді жақсы қырымнан көрсеткім келеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық «Астана» велокомандасы оқшауланудан шығып, 2020 жылғы маусымды бастауға дайындалып жатыр.

COVID-19 індетіне байланысты UCI шаралары уақытша тоқтатылған болатын. Команда лидері Алекцей Луценко жаңа маусымға дайындығы туралы айтып, жоспарымен бөлісті.

«Жаңа маусымның басталуын тағатсыздана күтіп жүрміз. Жаңа маусымға жақты формада келу үшін қазір де жаттығымды тоқтатқан жоқпын.

Бізді ерекше кезең күтіп тұр деп ойлаймын. Тамыз айынан бастап, қарашаға дейін үздіксіз өте қызық жарыстар өтеді. Одан кейінгі ұзақ үзілісті тағы да өзімізді дамытуға, жетілдіруге арнаймыз.

Маусымға тыңғылықты дайын болуымыз керек. Себебі, бізді алда үлкен күрес күтіп тұр. Мен осы үзілістен кейінгі маусымды «Страде Бьянке» додасынан бастаймын. Аталған жарысқа 100% дайындықпен қатысқым келеді. Командамыздың осы жарыстың алдында оқу-жаттығу жиынын өткізетіні өте жақсы болды. Бұл – біздің жарысқа сенімді шығуымызға көмектеседі.

Сонымен қатар, биыл "Тур де Франс" бәйгесіне қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл ең қиын әрі қызықты тау жарысы болады. Биіктік бірден бірінші кезеңнен басталады. Осы атақты додада өзімді жақсы қырымнан көрсеткім келеді», - дейді Алексей Луценко.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер