ММА

UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Хабибтің інісі Вудпен кездеседі

UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде Хабибтің інісі Вудпен кездеседі
news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедов 25 шілдеде UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралында» өтетін UFC турнирінде ресейлік өнер көрсетеді. Оның қарсыласы Натаниэль Вуд болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Умар UFC-де өзінің алғашқы дебютін сәуірде UFC 249 турнирінде өткізуі керек еді. Алайда жарыс кейінгі қалды.

Ресейлік спортшының қарсыласы UFC-де 2018 жылдан бері өнер көрсетеді және осы уақыт ішінде төрт жекпе-жек өткізіп, оның үшеуінде жеңіске жетті. Соңғы рет ол сегіздікке 2020 жылдың ақпанында шығып, Джон Додсоннан ұтылып қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер