русский язык
Әлем футболы

«Қаралардың өмір маңызды». АПЛ футболшылары қандай жейдемен ойнайды

«Қаралардың өмір маңызды». АПЛ футболшылары қандай жейдемен ойнайды

Англия Премьер-лигасының ойыншылары 2019/2020 маусымын қайта жандандырғаннан кейін Black Lives Matter (Қаралардың өмірі маңызды) атты нәсілшілдікке қарсы қозғалысты қолдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы журналист Джеймс Пирс өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Футбол қайта жанданғаннан кейін, алғашқы 12 матчта футболшылар фамилияларының орнына «Қаралардың өмірі маңызды» ұраны жазылған жейде киіп ойнайды. Сонымен қатар, маусым аяқталғанға дейін Black Lives Matter логотипі мен коронавирусқа қарсы күрескен Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі қызметкерлеріне алғыс білдіру мақсатында арнай жазу жазылған футбол форманы кию жоспарда бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін Премьер-Лига басшылығы матчтарға дейін және матч кезінде нәсілшілдікке қарсылық білдіру мақсатында қара ойыншыларға қолдау көрсетеді деп хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;