Командалық

ҰБА: Маусымның қайта жандануына аз қалды

ҰБА: Маусымның қайта жандануына аз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Ұлттық баскетбол қауымдастығы (ҰБА) командаларға 2019/20 маусымының қалған уақыты бойынша жаңартылған кестесін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҰБА финалының соңғы 7-ойыны 13 қазан, сейсенбі өтуі мүмкін. ҰБА клубтарға Америка Құрама Штаттарынан тыс жерден келген ойыншылар командаларға 15 маусымға дейін қосылуы керегін, ал қалған ойыншылардың 22 маусымға дейін келуге тиіс екенін жеткізген.

Жаттықтырушының көмекшілеріне ойыншылармен жұмыс істей беруге рұқсат етілді. 23 маусымнан бастап бас жаттықтырушыларға ойыншылардың жаттығуларын бақылауға болады. Командалар Орландоға кетер алдында өз ойыншыларының COVID-19-ға 23-30 маусым аралығында тексерілгеніне көз жеткізуі керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер