русский язык
Әлем футболы

УЕФА-ның «С» категориясына үміткер бапкерлер қабылдау емтихандарын тапсырады

УЕФА-ның «С» категориясына үміткер бапкерлер қабылдау емтихандарын тапсырады

УЕФА-ның «С» категориясына үміткер бапкерлер қабылдау емтихандарын тапсырады, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Емтихан онлайн-конференция форматында қабылданады. Емтихан комиссиясының құрамына Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский, сонымен қатар нұсқаушылар Станислав Погорелов пен Алексей Шапурин кіреді. Қабылдау емтихандары 30 маусымға дейін созылады. Құжаттарды тапсырған үміткерлердің саны - 150.

«Емтиханды сәтті тапсырған бапкерлер білім беру курсы бағдарламасы бойынша дәріс алады. Оларға УЕФА-ның «С» категориясы беріледі. Бұл лицензия арқылы 6-12 жас аралығында футбол мектептерінің резервін даярлауға болады», - дейді Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының директоры Иван Азовский.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;