Бокс

Головкиннің бапкері алдағы жоспарларымен бөлісті

Головкиннің бапкері алдағы жоспарларымен бөлісті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Джонатон Бэнкс өз шәкірітінің жақын болашақтағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.

GGG-мен жұмыс туралы.

«Маған Геннадий Головкинмен бірге жұмыс істеу, оны жаттықтыру өте ұнады. Ол Лас-Вегаста жаттығуды қатты ұнатады. Оның үстіне мұнда жаттығу оған оң әсерін тигізді деп санаймын».

Деревянченкомен болған жекпе-жек туралы.

«Сергей Деревянченкомен жұдырықтасқанымызда Головикн 100 пайыз дайын емес еді. Бірақ Геннадий жекпе-жек өткізгісі келді. Бұл қиын жекпе-жек болатынын білдім және солай болды да. Сергей - өте жақсы боксшы. Геннадий сияқты қарапайым адам болғаны үшін оны жоғары бағалаймын».

Камил Шереметамен кездесу туралы.

«Головкин коронавирусқа дейін Шереметаға қарсы жекпе-жекке тыңғылықты жүргізіп жатқан. Ол міндетті қарсыласы Шереметамен кездесу өтізуге әлі де ниетті деп санаймын. Головкин алдағы уақытта бұрынғысынан да үздік өнер көрсетеріне сенемін».

Сауль Альвареспен трилогия туралы.

«Әрине, Геннадий болашақта Сауль «Канело» Альвареспен қайтадан кездесуді қалайды. «Канело» - тәжірибелі боксшы, сондықтан оны қаймықтыратын өзгеше амал табудың өзі қиын. Алайда біз қалайда «Канеломен» алғашқы екі жекпе-жектен басқаша мәнен көрсететін боламыз. Менің ойымша, Головикн Альвареспен 160 фунт (орта салмақ) немесе 168 фунт (екінші орта салмақ) дәрежесінде жекпе-жек өткізуге қарсы емес. Егер кездесу 168 фунт салмақ дәрежесінде өтсе, бұл Головкин үшін артықшылық болар еді деп ойлаймын, өйткені ол қарсыласынан сәл ұзынырақ».

Айта кетейік, Бэнкс пен Головкин өткен жылдың мамыр айынынан бері бірге жұмыс істеп жүр.

Эдди Хирн Головкин-Шеремета жекпе-жегін тамызға жоспарлап отыр

Головкин - Альварес жекпе-жегі екінші орта салмақта өтуі мүмкін

«Бұл жолы Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер