Велоспорт

«Астана» виртуалды «Тур де Франста» өнер көрсетеді

«Астана» виртуалды «Тур де Франста» өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» бас менеджері Александр Винокуров комментатор Сергей Курдюковпен тікелей эфир аясында команданың алдағы жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Виртуалды жарыс танымал бола түсуде. Жақында Джиро д’Италия өтті, біз жеңіске жеттік. Шілде айында «Тур де Франс» өтеді деп жоспарланып отыр. Бес, алты кезең болады. Бүгін біз олармен келісімшартқа отырдық», - деді Александр Винокуров.

Айта кетейік, қазірдің өзінде 15 команда өздерінің қатысатындығын растады.

Еске салайық, «Тур де Франс» 27 маусымда Ниццада басталып, 19 шілдеде Парижде аяқталуы керек еді, бірақ коронавирус кесірінен тамыз айының соңына қалдырылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер