ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды

ФИФА рейтингісі: Қазақстан құрамасы өз орнын сақтап қалды
news-banner7
mobile-news-top
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кезекті рейтингте Қазақстан ерлер құрамасы 118-орынды (1155 ұпай) сақтап қалды.

Әлем құрамалары арасында Бельгия футболшылары көш бастап тұр (1765 ұпай). Ал екінші, үшінші орындарға Франция (1733 ұпай) мен Бразилия (1712 ұпай) жайғасқан.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жаңа маусымдағы алғашқы ойындарын 27 және 30 наурыз күндері Литва және Армения құрамаларына қарсы өткізуі керек еді. Алайда тұтас дүниені табанынан тік тұрғызған коронавирус пандемиясы бұл жоспарды жоққа шығарды. Бүкіл әлемде жарыстар уақытша тоқтатылды.

Ал Қазақстан қыздар құрамасы жаңа тізімде бір саты төмендеп, 77-орынға (1318 ұпай) жайғасты. Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте АҚШ құрамасы (2181 ұпай) үздік тұр. Одан кейінгі орындар Германия (2090 ұпай) мен Францияның (2036 ұпай) бұрымды футболшыларына бұйырды.

«Мені «Тобыл» басшылары қорқытып, бопсалады»

Абраев: Чемпионат екі айналымда аяқтайды немесе «күзгі-көктемгі» жүйеге ауысады

Футболдан Қазақстан Кубогына тек Премьер-лига командалары қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер