русский язык
Әлем футболы

«Барселона» ойыншысы карантин ережесін бұзды

«Барселона» ойыншысы карантин ережесін бұзды

«Барселона» футбол клубының қорғаушысы Нелсон Семеду карантин ережесін бұзды, деп жазады Prosports.kz.

26 жастағы португалиялық ойыншы бірнеше күннің алдында досының туған күн қонағасысына қатысқан. Әлеуметтік желіде жарияланған фотосуреттерге қарағанда, сауықкеште кемінде 20 адам болған.

Ал Испания үкіметінің шешіміне сай, Барселона өңірінде 15 адамнан артық бас қосуларға тиым салынған.

Испания чемпионаты осы аптаның соңында басталады. Сондықтан Семедудың сыртқа шығып, көлемді бас қосуға қатысқаны сынға ұшырап жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;