Дзюдо

Дзюдодан қыздар құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады

Дзюдодан қыздар құрамасы оқу-жаттығу жиындарын бастады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрама командасы оқу-жаттығу жиындарын бастады. Алматы облысындағы «Ақ бұлақ» Олимпиадалық орталығында өтіп жатқан жиындарға барлығы 10 дзюдошы мен команданың дәрігері қатысып жатыр.

Бас бапкердің айтуынша, оқу-жаттығу жиынында барлық санитарлық-эпидимиологиялық талаптар қатаң сақталады.

«Спортшылардың денсаулығы, олардың қауіпсіздігін сақтау біздің бірінші мақсатымыз. Сондықтан, жаттығу барысында барлық санитарлық-эпидимиологиялық талаптар қатаң сақталады.

Ұлттық құрама спортшылары жаттығу жиынына келгенде анализ тапсырып, нәтижесінде барлығы жаттығу жинына толық қатысуға мүмкіндік алды.

Біз қазір таза аймақта жаттығуды жалғастырып жатырмыз. Төтенше жағдай режимінен кейінгі алғашқы оқу жаттығу жиыны болғандықтан портшылардың физикалық дайындықтарына аса мән беріп отырмыз.

Сонымен қатар, дзюдошылардың барлығы команда дәрігерінің қатаң бақылауында болады», - дейді әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер