Әлем футболы

Нидерланд ғалымдары Мессидің Роналдудан екі есе үздік екенін дәлелдеді

Нидерланд ғалымдары Мессидің Роналдудан екі есе үздік екенін дәлелдеді
news-banner7
mobile-news-top

Голландиялық SciSports ақпараттық компаниясы Бельгиядағы Левен университетімен бірге «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси мен «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың ойын сапаларын зерттеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионатқа» сілтеме жасап.

Талдау нәтижелері бойынша аргентиналық ойын алаңында португалиялықтан екі есе жақсы ойнайтыны белгілі болды. Зерттеу ойын параметрлері санына негізделген «мүмкіндіктерді бағалауға негізделген іс-қимылдардың мәні» деп аталады.

Лионельдің соңғы нәтижесі 1,21 болcа, Криштианудыкі 0,61 болды. Зерттеу көрсеткендей, Роналдуға қарағанда Месси доппен көбірек жұмыс істейді, қауіпті сәттерді көп тудырады және матчтың қорытынды нәтижесіне көбірек әсер етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер