ММА

Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC ұйымында дебютін өткізеді

Жалғас Жұмағұловтың бұрынғы қарсыласы UFC ұйымында дебютін өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Хабиб Нурмагомедовтің командасындағы Тагир Ұланбеков 15 шілдеде UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ұланбековтің менеджері Ризван Магомедов Уланбековтың Доскальчукпен кездесетінін айтты. Украиналық Александр Доскальчук үшін бұл жекпе-жек америкалық промоушндағы дебют саналады.

Еске сала кетелік, Тагир Ұланбеков 2018 жылдың 31 тамызында Астанада Fight Nights Global ивентінде қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген еді.

Бұған дейін UFC шілдеде Абу-Дабиде орналасқан «Сарбаздар аралында» төрт турнир болатынын хабарлады. Жарыстар 11, 15, 18 және 25 шілдеде өтеді. Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов та 11 шілдеде UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Фото: tass.ru

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер