Ресми: «Таразға» жаңа басшы тағайындалды

Ресми: «Таразға» жаңа басшы тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін «Тараз» клубының баспасөз қызметі директор қызметіне Талғат Тұрлыбайұлының тағайындалғаны туралы ресми хабарлады.

– «Тараз» КФК жаңа басшысы қызметіне Талғат Тұрлыбайұлы ресми түрде тағайындалды. Ол бұған дейін клуб басқарған. 2012 жылы тараздық ұжым оның қол астында Премьер-лигада жоғары төртінші орын алды, - делінген мәлімдемеде.

Бұрын Талғат Абсаматов деген атпен танымал Талғат Тұрлыбайұлы «Таразды» 2013 жылы басқарған еді. Бұған дейін, 2020 жылдың қаңтар айының басында Ғабит Қазбеков «Тараз» футбол клубының директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Еске салайық, «Тараз» премьер-лиганың екі турынан кейін үш ұпаймен турнирдің 7-ші сатысында тұр.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер