русский язык
Әлем футболы

«Реал» биыл жазда «Челси» ойыншысын сатып алады

«Реал» биыл жазда «Челси» ойыншысын сатып алады

«Реал Мадрид» футбол клубы биыл жазда «Челси» ойыншысы Н'Голо Кантені сатып алуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

29 жастағы ойыншыны мадридтік клубтың бас бапкері Зинедин Зидан жоғары бағалайды. Француз маманы өз отандасы команданың орталық шебін күшейтеді деп сеніп отыр.

Канте «Челси» сапында 4 жылдан бері өнер көрсетіп жүр. Трансфер нарығындағы қазіргі құны 55 млн еуро. Бірақ лондондық клуб жартылай қорғаушыны кемі 100 миллионға сатқысы келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;