Теннис

Токио Олимпиадасының теннис турниріне іріктеу қалай өтеді

Токио Олимпиадасының теннис турниріне іріктеу қалай өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында теннис турниріне іріктеу туралы ережені жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олимпиадаға қатысу кәсіби теннис ойыншыларының қауымдастығы (ATP) және әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) 2021 жылғы 7 маусымдағы рейтингтеріне негізделеді.

Әр елден теннисшілердің ең көп саны 12 адамнан аспауы керек (әрқайсысы алты ер адам және әйел). Жекелей сында 64 теннисші, жұпта - 32 дуэт, аралас жұпта - 16 спортшы сынға түседі. 2021 жылдың 10 маусымынан кешіктірмей ITF ұлттық федерацияларға турнирге қатысуға үміткерлер туралы хабарлайды, ал өтінім 17 маусымға дейін тапсырылуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Олимпиада 2021 жылға ауыстырылды, ал дүбірлі дода Токио 2020 атауын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер