русский язык
Бокс

Головкиннің салмағындағы бұрынғы чемпион ММА-ге ауысты

Головкиннің салмағындағы бұрынғы чемпион ММА-ге ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша бұрынғы чемпионы, 36 жастағы француз Хасан Ндам Нжикам (37-5, 21 КО) өзінің спорттық мансабын бокста емес, MMA-да жалғастыруды шешті. Ол жергілікті Ares FC-мен келісімшартқа отырды.

«Мен олардың ұсыныстарын қабылдадым, өйткені олар Франциядағы ең керемет ұйым», - деді экс-чемпион.

Нжикам бокстағы соңғы 4 жекпе-жегінің 3-інде жеңіліп қалды.

Ол Олимпиада ойындарына Камерун құрамасынан екі рет қатысқан, бірақ турнирлерді ерте аяқтады.

Айта кету керек, оның кезінде Нжикам бірнеше рет қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қарсы рингке шығуға жақын еді, бірақ ол GGG-мен жұдырықтасуға мүмкіндік ала алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;