ММА

Бразилиялық спортшының Мария Агаповаға қарсы жекпе-жектен неге бас тартқаны белгілі

news-banner7
mobile-news-top

Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшартқа отырған қазақстандық спортшының Мария Агапованың алғашқы қарсыласы не үшін ауысқаны белгілі болды.

13 маусым күні өтетін аралас жекпе-жек кешінде Мария Агапова бразилиялық Мелисса Гаттомен жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда бүгін белгілі болғандай, оның орнына октагонға америкалық Ханна Сайферс (10-5) шығады.

АҚШ билігі Бразилияда коронавирус індетінің өршуіне байланысты бұл ел азаматтарының келуіне тыйым салды. Осылайша, Мелисса Гатто виза алғанына қарамастан АҚШ-қа аумағына кіре алмады.

Мария Агапова аралас жекпе-жекте тек тоғыз жекпе-жек өткізіп, олардың сегізінде жеңіске жетсе, бір рет жеңіліп қалды. Ол соңғы екі жекпе-жекті Invicta FC ұйымы аясында өткізді.

Айта кетейік, Агапова UFC лигасында өнер көрсететін алғашқы қазақстандық қыз болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер