Ауыр атлетика

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы спортшылардың видеохабарламасына ресми жауап берді

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы спортшылардың видеохабарламасына ресми жауап берді
news-banner7
mobile-news-top

Ауыр атлетика федерациясы құрама спортшыларының еңбекақыларының төленбеуіне қатысты видеохабарламаға ресми жауап берді.

"Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасының инстаграм әлеуметтік желісіндегі видеохабарламасына "Ауыр атлетика федерациясы" ҚБ келесідей мәлімдеме жасайды:

- Ұлттық құрама мүшелеріне "Ұлттық Олимпиадалық комитет" ҚБ тарапынан тиісті жалақы дер кезінде және ешқандай кедергісіз беріліп отыр.

- "Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы" демеушілік көрсететін "Ауыр атлетика федерациясы" ҚБ тарапынан жалақы алатын ұлттық құрама спортшылары экономикалық жағдайдың нашарлауы, бюджеттегі толықтырулар мен ұйым шығындарын оңтайландыру салдарынан осындай жағдай туындады. Осыған байланысты әкімшілік-басқарушылық топты қаржыландыру тоқтатылған.

Спортшыларды осы және әлемде болып жатқан дағдарысқа түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Ауыр атлетика федерациясы қосымша төлемдерді қаржыландыруға арналған бюджет мәселесі шешілгеннен кейін ұлттық құрама мүшелерімен тиісті келісім-шарттар жасалып, оларды төлеу жалғасады", - делінген ресми хабарламада.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер