ММА

ONE FC Қайрат Ахметовтің мықты тұсын айтты

ONE FC Қайрат Ахметовтің мықты тұсын айтты
news-banner7
mobile-news-top

ONE Fighting Championship промоутерлік компаниясы қазақстандық файтер Қайрат Ахметовтің (23-2) үздік тейкдаундарынан видеожазба жариялады.

Instagram-дағы ONE FC-дің ресми парақшасы қазақстандық спортшының жекпе-жектерінен видеоүзіндіні жариялап: «Қайрат Ахметов тейкдаундары тамаша» деп жазған.

Осы жылдың мамыр айында ONE FC бірінші рет промоушеннің барлық салмақ дәрежелері бойынша рейтингісін жариялады. Қайрат Ахметов ең жеңіл салмақта (56 келі) үздік үштіктен орын алды. Отандасымыз UFC-дің бұрын чемпионы Деметриус Джонсон мен Дэнни Кингадтан ғана қалып кетті.

Айта кетейік, Қайрат Ахметов соңғы рет сегізбұрышқа былтыр наурыз айында өткен ONE Гран-приінің ¼ финалы аясында шықты. ONE A New Era кешінде Ахметов Рис Макларенді жеңіп, турнирдің жартылай финалына шықты. Өкінішке орай, тамыз айында қолының жарақатына байланысты Гран-приден шығарылды. Ахметов осы жылдың сәуір айында октагон оралуы керек еді. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты ONE FC турнирлері өтпей қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер