Теннис

Ірі турнирлерді ұйымдастырушылар арбадағы теннис өкілдеріне қаржылай көмектеседі

Ірі турнирлерді ұйымдастырушылар арбадағы теннис өкілдеріне қаржылай көмектеседі
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) мен "Үлкен дулыға" төрт кезеңінің ұйымдастырушылары бірлесіп, мүгедектер арбасына таңылған теннисшілер үшін $300,000 көлемінде қаражат бөлді.

Олар мүгедектер арбалары бар спортшыларға, ұлттық бірлестіктерге және COVID-19 пандемиясына байланысты ойынды тоқтата тұрудан жарыс ұйымдастырушыларға грант ретінде беріледі.

12 наурызда теннистен ITF, ATP, WTA және ITF турнирлерінің барлығы тоқтатылғаннан кейін арбадағы теннис бойынша да спортшылар жарыстардан сырт қалды. Франция ашық біріншілігі, Уимбилдон, "Үлкен Дулығаның" екі кезеңі, Австрия ашық біріншілігі мен АҚШ ашық біріншіліктері осы тізімге кіреді.

Қазіргі таңда арбадағы теннис турнирі 31 шілдеге дейін тоқтатылған. 2019 жылы 100 000 АҚШ долларынан көп жинаған және үздік жиырмалыққа, ондыққа енген спортшылар гранқа өтініш тапсыра алады.

Бағдарлама аясында ATP және WTA бойынша 800 жеке және жұп теннисшілер қаржылай көмекке ие болады деп жоспарланған.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер