Футбол деген бір ғажап!

«Мені «Тобыл» басшылары қорқытып, бопсалады»

«Мені «Тобыл» басшылары қорқытып, бопсалады»
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобыл» футбол клубының басшылығы орталық африкалық қорғаушы Фернандо Кассайды командадан кетуге мәжбүр еткен, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы футболшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«2016 жылы қаңтарда «Тобылмен» 2017 жылдың 30 қарашасына дейін жарамды келісімшартқа отырдым. Содан кейін келісімшартты 2019 жылдың 30 қарашасына дейін ұзарттық. Ал 2019 жылы 1 шілде клбутың ұсынысына сай келісімшарт мерзімін 2021 жылдың 30 қарашасына дейін ұзарттық. Мен өзімді «Тобылда» жайлы сезіндім, клубта әрқашан үлкен амбициялар болды, клубтың жанкүйерлері маған және командаға әрқашан қолдау көрсетті. Әрдайым жанкүйерлердің қолдауын сезіндім және оларға үлкен ризашылығымды білдіремін.

30 қазанда өткен «Қайсарға» қарсы матчта жарақат алдым. Клуб дәрігері, МРТ нәтижелері бойынша қараша айында шағын операция жасату керек деп шешті. Бірақ 10 қаңтардан бастап жаттығуға оралуға дайын болатыным белгілі еді. Қарашаның соңында Францияда ота жасатып, қалпыма келу жаттығуларымен айналыстым.

Желтоқсанның ортасында бұқаралық ақпарат құралдарынан «Тобылға» бұдан былай керегім жоқ» екенін оқыдым. Мұның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасалғанына таң қалдым, өйткені клубтан ешкім менімен хабарласпаған еді. Мән-жайды білу үшін клубқа бардым, өйткені жарамды келісімшарт болғандықтан, «Тобыл» меннен өз бетінше бас тарта алмайды. Нәтижесінде маған клубтан ресми хат келді. Онда маған 10 қаңтарда басталатын алғашқы оқу-жаттығу жиынына келмей-ақ, 2 ақпаннан бастап екінші оқу-жаттығу жиынына қатысуды ұсынды. Мұны жарақатымнан кейін қалпыма келге көбірек уақыт бөлінді деп түсіндірді. Осы уақытта маған Қазақстаннан және басқа елдерден бірнеше ұсыныс түсті. Бірақ мен «Тобылмен» келісімшартым болғандықтан, олардан бас тарттым.

2 ақпанда мен өзім билет алып Түркияға келдім. Өйткені клуб маған билет сатып алмады. «Тобыл» басшылары (Панин мырза және заңгер ханым) мені қорқыта бастады. Мансабымды аяқтау туралы бопсалады. Менің қолым қойылған, бірақ мен ешқашан қол қоймаған жалған құжаттарды көрсетті. Кейін Мен жүгінген француз сарапшысы сараптама жасап, бұл менің қолтаңбам емес екенін растады. Бірақ бар шындық мынада: «Тобыл» басшылары маған командамен жаттығуға мүмкіндік бермеді және мені футболсыз қалдырды», - деп жазды Кассай.

Айта кетейік, африкалық қорғаушы «Тобылға» 2016 жылдың қаңтарында ауысып келді. Содан бері ол қостанайлық клуб сапында 125 матч өткізіп, 4 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді. 2019 жылдың соңында «Тобылдың» директоры Николай Панин Кассаймен келісімшартты мерзімінің аяқтағанын мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер