Басқа

«Qazsport» телеарнасына жаңа директор тағайындалды

«Qazsport» телеарнасына жаңа директор тағайындалды
news-banner7
mobile-news-top

Еліміздегі жалғыз спорттық телеарна «Qazsport» арнасының директоры қызметіне Нағи Бақытбеков тағайындалды, деп жазады Prosports.kz.

Жаңа басшыны ұжымға «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай таныстырды. Ол Н.Бақытбековтың тағайындалуы арнаның қызметіне жаңа серпін беріп, одан әрі дамуына ықпал ететініне сенім білдірді.

«Qazsport» арнасы спорт жанкүйерлерінің сұранысына сай ішкі чемпионаттар мен халықаралық беделді бәсекелерден хабар таратып қана қоймай, жас жеткіншектерді спортқа баулып, қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру ісіне атсалысуы тиіс», - деді Л.Танысбай.

Сондай-ақ Басқарма төрайымы осыған дейін арнаны 5 жылдан аса басқарған Павел Цыбулиннің отандық спорттық журналистиканың дамуына қосқан үлесі мен сіңірген еңбегін атап өтіп, атқарған жұмысы үшін зор алғыс білдірді.

«П.Цыбулин тәжірибелі маман ретінде аутсорсинг компанияда «Qazsport» телеарнасының контент өндірісі және шығармашылық жобалармен айналысады», - деді Л.Танысбай.

«Монако» – Qazsport-тің сүйікті командасы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер